16
қазан
2024
«Алтын түлек» олимпиадасы
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» және «Зерделі ақыл-ой» дамыту орталығы мен Кентау қалалық білім бөлімі бірлесіп 16 қазан күні 10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Алтын түлек» олимпиадасы мектепішілік бұйрық шығарып, өткізілді. Директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова олимпиадаға қатысатын оқушыларды 10 сыныптан 22, 11 сыныптан 16 оқушы қатысуын және уақытылы өткізілуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде мектебіміздің 10 сынып оқушылары белсене қатысып, қалалық кезеңге: 10 «А» сынып оқушысы Амангельдиев Бегзат 100 ұпаймен, 10 «Ә» сынып оқушылары Шаяхмет Әдемі, Шахтыбай Нәзік 94 ұпаймен; 11 «А» сынып оқушылары Орынтай Иса 100 ұпай, Жарылқасын Жания 100 ұпай, Амангелді Бақдаулет 100 ұпаймен қалалық кезеңіне өтті. Бітіруші сыныптарымызға сәттілік тілейміз!!!


