02
қазан
2024
«Алтын сақа» олимпиадасы
Математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қолдануымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мен Түркістан облысы білім басқармасының облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебі 2024 жылғы 01 қазан күні сағат 09.00-де 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының мектеп ішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 2024 жылғы 25-30 қыркүйек аралығында https://zerdeli.app/altyn-saga сілтеме арқылы сайтқа тіркелген оқушылар қатысты. Мектеп бойынша олимпиадаға 5-сыныптан 1 оқушы, 6-сыныптан 4-оқушы қатысты. Мектеп ішілік кезеңнің сапалы өту үшін мектеп директорының бұйрығымен бекітілген ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы жұмыс жүргізді. Мектеп ішілік кезеңнің тапсырмалары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі тарапынан әзірленіп, тапсырмалары үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім-тест жұмысы, екінші бөлім-тест жұмысы, үшінші бөлім-бос орынды толықтыру. Берілетін уақыт- 60минут.
Олимпиаданың корытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 5-сыныптан 1 оқушы, 6-сыныптан 1 оқушы қалалық кезеңге қатысу үшін жіберілді. Қалалық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.