16
қазан
2024
Мектеп асханасына мониторинг жүргізу
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім бертеін мектепте 2024 жыл 16 қазан күніБілім беру ұйымындағы бракераждық комиссия жұмысы"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы және бракераждық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес,білім алушылардың сапалы бір реттік тамақтандырумен қамтылуы бойынша мектепте құрылған бракераж комиссиясы мектеп асханаына мониторинг жүргізді.
1-4 сынып оқушыларына берілетін ыстық тамақтың сапасы тексерілді.
2 апталық ас мәзірі бойынша ыстық тамақ беріледі.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған. Нақтырақ айтсақ, асханаға арнайы санитарлық нормаларды сақтау туралы және бетперде тағу туралы белгілер, әлеуметтік арақашықтық сақтау белгілері, антисептиктер орнатылған.Асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы мен тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер берілді. Асханада қол жуатын орында сабын, асхана залында сағат, температура өлшегіш құрал мен тіркеу журналы, ас мәзір бұрышы, ұсыныс жазатын журналдары бар.