17
қазан
2024
Startup байқауы
Кентау қаласы білім бөліміне қарасты, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша әлеуметтік «Smart Bala» жобасы аясында директордың бейінді оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың 2024 жылдың 25 қыркүйек күні 9,10,11 сынып оқушылары арасында «Startup– байқауы» өткізілді. Мақсаты: қатысушылардың инновациялық жобаларын бағалап, оларға қаржылай немесе менторлық қолдау көрсету. Нәтижесінде: Start-up байқауы — жаңа бизнес идеяларды немесе өнімдерді таныстыруға арналған байқауына 9,10,11 сынып оқушыларынан дарынды оқушылар қатысып, өздерінің болашақ презентацияларын қорғады. Қорытындылай келе, идеяның жаңашылдығы, идеяның нарықтағы өміршеңдігі, команданың тәжірибесі мен қабілеттілігі, жобаның қаржылық тартымдылығы деген қатысушылардың жұмысы мен таныстырулары негізінде жеңімпаздар анықталады. Оқушыларға сәттілік тілейміз! Жасалған алғашқы жобалар болашақтағы кәсіби белестеріңе айналсын!!!

