30
қыркүйек
2024
Мамандық таңдау
Кентау қаласы білім бөліміне қарасты, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің жылдық жоспарына сәйкес кәсіби бағдар беруші педагог А.Сансызбаева және директордың бейінді оқыту жұмыс жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың 2024 жылдың 2-10 қыркүйек күндері 9,11 сынып оқушылары арасында «Оқушылардың мамандық таңдау» тақырыбы бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандық таңдауы бойынша қызығушылықтарын, еңбек нарығы туралы түсініктерін және кәсіби бағдар алуға деген қажеттіліктерін анықтау. Нәтижесінде: Мамандыққа деген қызығушылық: оқушылардың 50%-ы техникалық мамандықтарға (инженер, IT-мамандықтар) қызығушылық танытты, 30%-ы гуманитарлық салаға (педагогика, құқықтану), 20%-ы шығармашылық және өнер мамандықтарын таңдады. Кәсіби кеңес алуға қажеттілік: Қатысушылардың 75%-ы мамандық таңдау кезінде кәсіби кеңес пен көмек қажет деп есептейді. 25%-ы өз бетімен шешім қабылдай алатынын көрсетті. Оқушылардан түскен ұсыныстары: Оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру семинарларын ұйымдастыру. Мамандық таңдауға көмек көрсету үшін тәжірибелі мамандармен кездесу ұйымдастыру.Еңбек нарығының қазіргі талаптары туралы ақпараттық сессиялар өткізу. Кәсіби бағдар беруші педагог А.Сансызбаева қорыта келе, сауалнама нәтижелері көрсеткендей, оқушылардың жартысынан көбі техникалық және гуманитарлық салаларға қызығушылық танытады, алайда еңбек нарығының талаптары туралы ақпараттану деңгейі орташа деңгейде. Көптеген оқушылар мамандық таңдау кезінде кәсіби кеңес алуға мұқтаж. Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық. Оқушыларға сәттілік тілейміз!