15
қараша
2024
ҰБТ-2025: Өзгерістер мен мамандық таңдауға бағдар
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ-2025: Өзгерістер мен мамандық таңдауға бағдар» тақырыбында кеңес өткізілді. Мектеп директоры С.Сулейменов бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдап, ҰБТ –ға өтініш беру мерзімдері мен тестілеу мерзімдері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкіндігін айтып өтті. Мақсаты: мектеп бітірушілерді ҰБТ ережелер мен өзгерістерді таныстырып, дайындықты күшейту; Білім алушылардың ҰБТ дайындық кезіндегі өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; Білім алушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылатып, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Кеңес барысында мектеп директорының бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова 11-сынып оқушыларына ҰБТ дайындық барысындағы өз кеңестерін ұсынды:
Δ Өзіңе талап қоя біл;
Δ Қол жеткізуге болатын межені белгіле;
Δ Нені білетін және нені білмейтініңді нақты анықта;
Δ Белгілі бір жүйемен, тәртіппен дайындал;
Δ Жауапкершілікті сезініп, сабаққа мықтап кіріс,
Δ Дайындық барысында әртүрлі өзгерістерге дайын бол!
ҰБТ бейіндік пәндер комбинациялары, конкурс барысындағы квоталар тізімін, байқау сынағы қандай сайт арқылы тегін тапсыра алатын,ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар, әлеуметтік желілерді қалай қолдануын айтып өтті. Бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз. Өздерінің қалаған мамандықтарына түсулеріне тілектеспіз!!!