23
желтоқсан
2024
«Еңбектің наны тәтті» тақырыбында білім сайысы
Түркістан облысы, Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сыныптары бойынша директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Дауреновтың жылдық жоспарына сәйкес, 23.12.2024 жылы бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Әуеш пен М.Джаванованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш 3-4 сынып арасында «Еңбектің наны тәтті» тақырыбында білім сайысы болып өтті. Мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру,көркем шығармаларды насихаттау, оқушылардың оқу дағдыларын дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады. Сайыс кезеңдері үш кезеңнен өтті.
1.Ертегі айту
1.Ертегі айту
2. Ертегіні суреттеп салу
3. Көрермендермен “Бейнедегі мақал”ойыны
4. Марапаттау кезеңі
Дайындаған ертегілер:
Еңбекпен тапқан нан, Адал еңбек, Еңбектің рахаты, Кедейдің үш баласы, Еңбек етсең ерінбей сияқты ертегілер айтылды
Әділқазылар мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Дауренов, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Сырымбет, кітапханашы Г.Оралбаеваның шешімімен 1-орын 3 «Ә», 4 «Ә», II- орын 3 «А», 3 «А», III-орын 4 «А», 4 «Б» сыныптары иеленіп, мадақтамалары табыс етілді. Кітап ең үлкен тәрбиеші екенін ескерсек, ойы да, қиялы да тұнық болады. Кітап оқу кішкентай оқырманның арманына қанат байлайтыны анық. Ұлттық рухтың кемелденуі үшін балаларды кітап оқуға шақыру ай сайын жалғасын таппақ.