04
ақпан
2025
Цифрлық дағдылар - заманауи жас маманның басты қаруы
Түркістан облысы, Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте 2024-2025 оқу жылында алты жас маман жұмыс жасайды. 27.01-31.01.2025 жылы аралығында мектептің жылдық жоспарына сәйкес, «Цифрлық дағдылар- заманауи жас маманның басты қаруы» тақырыбында апталық өтті. Апталықтың мақсаты: Жас мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жаңа технологияларды кәсіби қызметте тиімді пайдалануға үйрету. Күтілетін нәтиже: Цифрлық дағдыларды дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырады, заманауи еңбек нарығында цифрлық трендтерді түсінеді. Бағдарламаға сәйкес ашылуында «1000 бір сұрақ» айдарымен түрлі сұрақтар қойылып жауап бере білді. Жоспарға сәйкес әр жас маман өздерінің сабақтарымен қатар, біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы сыныптан тыс жұмыстар өткізді. АӘДТ пәні мұғалімі А.Мырзахмет 10-11 сынптар арасында «Жауынгерлік жорық» әскери спорттық сайыс, МАДС мұғалімі К. Садикова «Кел ойнайық», Г. Түзел, Г. Баймаханова. Г. Жанайдар 8 сыныптар арасында «Заманауи жастар- болашақтың көшбасшысы» тақырыбында интеллектуалды ойындар , Б.Тастемірұлы 4 сыныптармен «Жарыс элементтері бар эстафеталық ойындар» өткізді.



