05
ақпан
2025
«Жауынгерлік жорық» әскери спорттық сайысы
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде «Цифрлық дағдылар – заманауи жас маманның басты қаруы» жас мамандар апталығына орай, БӘД оқытушы – ұйымдастырушысы А.Мырзахмет және тәлімгері Р.Қалыбаеваның ұйымдастыруымен «Жауынгерлік жорық» әскери спорттық сайысы өтті.
"Жауынгерлік жорық" әскери спорттық эстафетасы 10-сыныптар арасында өткізілген жарыс – бұл мектеп оқушыларының әскери-спорттық дайындықтарын жетілдіру және патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған іс-шара. Мұндай жарыс барысында қатысушылар түрлі әскери тапсырмаларды орындап, физикалық және психологиялық төзімділіктерін тексереді. Эстафета кезеңдері, кедергілерден өту, АК 74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау және т.б арнайы дағдыларды талап етеді. Бұл жарыс оқушылардың өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуін, дене шынықтыру деңгейін көтеруді және әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етеді.
Жарыс соңында Баймахамбет Айдын III орын, Құрұмбай Шыңғысхан II орын, Өсер Ағаби I орын, басқа қатысушылар номинациялармен марапатталды.




