06
ақпан
2025
Өнер - адамның рухани әлемі
Б.Момышұлы атындағы 12 жалпы білім беретін мектебінде көркем еңбек және музыка пәні бірлестігі 27.01-31.01.2025 жылы 5-9 сыныптар аралығында “Өнер - адамның рухани әлемі” атты апталық өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ, өнердің адамның рухани дүниесіне тигізетін әсерін түсінуге көмектесу, заманауи технология бойынша қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру болатын.
Апталықтың ашылуында 5-6 сыныптарда ән мен биден сайысса, 7 сыныптар аралығында сахналық қойылымнан жарысқа түсті. Топтық жұмыста сынып абыройы үшін бәйгеге түскен оқушылар барын салып, өнер құдіретін көрерменіне сезіндіре білді.
5 сыныптармен ұлдар шеберханасында “Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыл арамен көркемдеп, аралау” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
6 сыныпта “Музыка және бейнелеу өнері” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ал 8 сыныптар қалдық заттардан “Шеберлік сағатын” өткізді. Өмірде әрбір нәрсенің қажеттілігін ұғындыра отырып, үнемдеу мәселесіне басымдық берілді.
9 сыныптарда “Өзіндік имидж қалыптастыру” сайыс сабағы өткізілді.
Апталықты қорытындылауда 5-7 сыныптарда Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Апталыққа белсенді қатысқан сыныптарды марапаттап, оқушылардың бойына ұлттық салт-дәстүрлерді сіңіре отырып, оқушылардың өнерге деген шығармашылық қабілетін артыруда апталықтың орны ерекше екендігін әрбір оқушы сезіне білді.