Жастар нашақорлыққа қарсы » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ақпан
2025

Жастар нашақорлыққа қарсы

Кентау қаласы білім бөлімі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында   «Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес  2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында  Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы 2023жылғы 29 маусымдағы №508 қаулысын негізге ала отырып, «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен қалалық байқау ұйымдастырылды. Мақсаты: Жастар арасында есірткі таратуға қарсы күреске ықпалын тигізу. Есірткі құралдары  жою, қоғамдағы басты зобалаңмен күресу, салауатты өмір салтын қолдау, жастар арасында тақырыпты насихаттап жеткізу, есірткінің зиянды әдеттерін айту. Іс-шараға білім бөлімінің әдіскерлері Н.Оралбекқызы, Ф. Темірханқызы, Облыстық психикалық орталығының нарколог-дәрігері Смаилова Әсем Әділханқызы қатысты.
Байқау 4 кезеңнен тұрды.
1кезең:-Топтық жүріс(туы,плакаттар,парақшалары болуы тиіс)  
-Топ басшы топтың атауын айту,ұранды топпен бірге айту
2кезең:  -Эссе жазу кезеңі «Нашақорлық -ғасыр дерті»
3 кезең:-« Таңдауымыз есірткісіз әлем» үздік бейнеролик (регл 3-4 мин)
4 кезең:-«Біз жастар спортты және салауатты өмірді таңдаймыз» спорттық жарыстар.1. арқан тарту( 5 ұл),2.Допты кедергілерден алып жүру, теннис ракеткасында шарикті құлатпай жеткізу (5 қыз). 3 Қаппен жүгіру (2 ұл,2қыз)
Сайысқа қатысушылар топтармен бөлініп,өз өнерлерін көрсетті.
Сайыс соңында барлық қатысушылар АКТ залына жиналып, жеңімпаздар марапатталды.
Мектебіміздің "ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР" командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.