13
ақпан
2025
Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған...
Б.Момышұлы атындағы 12 жалпы білім беретін мектебінде 9-сыныптар арасында "Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған..." атты тақырыбында ауған соғысының ардагерлері Ерназаров Мұрат пен Тайжанов Жанғали ағайларымызбен кездесу кеші өтті. Бүгінгі күні берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлерімен сұхбаттасып және бейнебаяндар көрсетілді. Бұл кездесуде слайдар мен видеороликтен көрсетілген видеоларға Мұрат ағай мен Жанғали ағайымыздың көз жастарына ерік берілген сәттеріне өз сезімдерімен бөлісті. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарды қойылды. Ауған соғысының ардагелерімен кездезуіміздің мақсаты оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету мақсатында өткізілді.Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана санасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.



