Жасанды интеллект әлемі: болашақ бүгіннен басталады » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жасанды интеллект әлемі: болашақ бүгіннен басталады
24
ақпан
2025

Жасанды интеллект әлемі: болашақ бүгіннен басталады

Түркістан облысы, Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып әдіс бірлестігінің «Жасанды интеллект әлемі:Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы апталық өтті.
Мақсаты:Оқушылар жасанды интеллекттің күнделікті өмірде қалай қолданылатынын, мысалы, ойындарда, мектептегі білім беру бағдарламаларында, денсаулық сақтау саласында және көлік жүйелерінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіру. Апталықтың жоспарына сәйкес, бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтарымен қатар біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сабақтан тыс жұмыстарын көрсетті. Мысалы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қ.Әуеш пен М.Джаванова «Мың бір мақал»,  С.Сейфуллиннің туғанына 130 жылдығына орай мәнерлеп оқу  сайысын өтсе, "Көңілді старт"  А.Абжалалова мен   М.Бекжуманова спорттық эстафеталық жарыс өтті.  Жасанды интеллект жүйесімен ашық сабақтарын көрсеткен жаратылыстану пәні «Заттар неліктен қозғалады?» 2 «Б» сынып М.Қосжанова, әдебиеттік оқу пәні «Наурыз»  4 «А» сынып  Г.Қасымханқызы, Қазақтың бас ақыны «Бала Абай» 3 «А» сынып М. Абдукаримова, «Етістік туралы білетінімді еске түсіремін» 3 «Б» сынып А.Малдыбаева,  « Екі таңбалы санды бір санға жазбаша көбейту» 3 «Ә» Ж.Жолдыбаева апайлар сабақтарын өз дәрежесінде өтті.