10
сәуір
2025
Бала тәрбиесі – баршаның ісі
“Бала тәрбиесі – баршаның ісі” атты іс-шара өткізілді
Кентау қаласының білім беру мекемесінде ата-аналар мен мектеп оқушыларының қатысуымен “Бала тәрбиесі – баршаның ісі” атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – бала тәрбиесінде мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру.
Іс шараға Кентау қалалық Отбасын қолдау орталығы, Жастар ресурстық орталығы, Кентау қалалық полиция бөлімі, сондай-ақ мектеп директоры қатысты. Қатысушылар балалар тәрбиесіне қоғамның барлық мүшелері ортақ жауапты екенін атап өтіп, өзара тәжірибе алмасып, пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара барысында балалардың құқықтары, қауіпсіздігі, бос уақытын тиімді өткізуі және отбасы құндылықтары туралы өзекті мәселелер қозғалды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасын табуы қажеттігін атап өтті.