15
сәуір
2025
"Ертегілер еліне саяхат” сахналық көрініс сайысы
Б.Момышұлы атындағы 12 жалпы білім беретін мектебі директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарына сәйкес 15.04.2025 күні “Дарынды бала - дара бала” апталығында 3-4-сыныптар аралығында бастауыш сынып мұғалімдері Әуеш Қаламқас, Джаванова Мөлдір және мектеп кітапханашысы Турметова Мадинаның ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Ертегілер еліне саяхат” атты сахналық көрініс сайысы өткізілді. Сайысты ашып беруі үшін алғашқы сөз мектеп директоры Сүлейменов Сәкен Бекболатұлына берілді. Сайыс заманауи технологиялармен жүргізілді. Түрлі тақырыптарда ертегілер сахналанды. Бастауыш сынып оқушылары ертегілердегі түрлі кейіпкерлердің қойылымын көркемдеп сахналап, белсенділік көрсетті. Сайыс соңында арнайы мадақтамалар берілді.