Тәрбиемен берілген білім - өлшеуі жоқ қазына
Б.Момышұлы атындағы 12 жалпы білім беретін мектебі, 2024 жылдың 27 қыркүйегінде “Біртұртас тәрбие” бағдарламасы бойынша, “Қамқор” жобасы аясында “Тәрбиемен берілген білім - өлшеуі жоқ қазына” тақырыбына 4 “Ә” сынып жетекшісі Г.Қасымханқызы және оқушылары бейнеролик түсірді. Мақсаты: жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру, ҚР-ның азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өзі танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне жағдай жасау, бала тәрбиелеуде отбасымен өзара ынтымақтастықты нығайту.
Қоғамдағы жақсы баланы, тіпті тұлғаны қолдан өзіміз жасаймыз. Сондықтан, болашағының баянды болғанын қалаймыз. Саналы білім, сапалы тәрбиені бойына сіңіріп өсіретін ұрпақтарымыз көп болсын!