Кім білгір?
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова мен биология пәнінің мұғалімі А.Бугенбаеваның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 30 қаңтар күні дарынды оқушыларды қатыстыра отырып 5-6 сынып оқушылары арасында «Кім білгір?» танымдық сайысы өтті. Мақсаты: химия- биология пәндерін оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайысқа аталған сыныптан төрт топ қатысып, жаратылыстану бағытында құрастырылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдады. Оқыған тақырыптар негізінде қызықты тәжірибелер жасап, талдады. Белсенділік танытқан топтар анықталып, арнайы сыйлықтармен «Алғыс хаттармен» марапатталды.


