Ғаламторсыз өмір мүмкін бе?
Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде мектеп жанынан құрылған "Ұшқыр ой алаңы" дебат клубының кезекті мектепішілік пікірсайысы болып өтті. Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Ғаламторсыз өмір мүмкін бе?» тақырыбында 8 сыныптар арасында мектеп президенті Н.Нышанбай пікірсайыс өткізді. Пікір сайыста оқушылар сұрақ - жауап, ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтірді.


