06
ақпан
2023
"АҚБОТА" зияткерлік олимпиада
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова 2023 жылдың 4 - 7 ақпан аралығында Республикалық "ДАРЫН" ғылыми - практикалық орталығының жалпы білім беретін мектептерге арналған "АҚБОТА" зияткерлік олимпиадасына оқушылардың қатысуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде мектебіміздің 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1 - ші орын - 5 оқушы
2 - ші орын – 15 оқушы
3 - ші орын – 8 оқушы
Сертификат иегерлері – 6 оқушы


