Қош келдің, әз Наурыз!
Бүгінгі
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мереке тойланды. Мектебіміздің директоры Сүлейменов Сәкен Бекболатұлы барша ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап мектебімізде дарынды шәкірттер ұлағатты ұстаздар көбейе берсін деп құран оқытылды.
Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Мектеп ұжымында қазақтың салт-дәстүрінің бірі "Тұсаукесер" рәсімі өтілді. Айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз!


