Мақтан тұтар Ұлы тұлға » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қаңтар
2024

Мақтан тұтар Ұлы тұлға

 Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 12 қаңтар  күні  заманымыздың заңғар тұлғасы Д.А.Қонаевтың туған күніне орай  «Мақтан тұтар Ұлы тұлға» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  
  Оқушыларға бойына ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбек жолын насихаттай отырып, ұлттық құндылықтарын сіңіріп, қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінез байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  еліміз үшін жасаған еңбегі жоғары бағаланып, халқына сіңірген еңбегі, ерлігі, қажырлы саясаты  жайында әңгіме қозғалды. 
Халқымыздың кемеңгер азаматы Д.А.Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатындығы түсіндірілді.