Ел жанды ер болу - парызым » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2023

Ел жанды ер болу - парызым

Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде,  Ұлы  Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 12-қаңтар туған күніне орай «Ел жанды ер болу - парызым»   тақырыбында  тәрбие сағаты өтілді.  Ел жадында ерекше  есімі сақталған, өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес із қалдырған,  елге елеулі қызмет етіп,   жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алған Дінмұхаммед Ахметұлы жайлы оқушыларға кеңінен мағлұмат беріліп, өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.