Көркем мінез – баға жетпес байлық
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық бағдарламасы аясында Көркем мінез – баға жетпес байлық
Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі Психологиялық тренинг ұймдастырылды. Мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезімін, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынастыдағдыларын реттеу. Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз. Жақсы мінез-құлық, рухани байлық – ұлы бабаларымыздан қалған мұра. Бұл асыл құндылық біздің қанымызға сіңген. Көркем мінез – адам бойындағы жақсы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Дін ғалымдары: «Көркем мінез» сөзін кеңінен қарастырып, адам баласының жеке өзіне, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық орындарымен құлшылығына қатысты іс-әрекетінде әдепті болу, жақсы атқару, тіпті талас-тартыс, кек алу, ажырасу, арыздану, өтініш, қарызды талап ету, жазалау, сондай-ақ соғыс кездерінде де шариғат талаптарымен әдептерін сақтай отырып атқару, - деген. Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдар мен ізгілердің мінезі екенідіг жайлы әңгіме қозғалды.

