Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» тақырыбында 10-11 сынып ата -аналарына коучинг-дәріс өткізілді. Ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту жайында ақпараттар беріліп, топтық тапсырмалар орындалды. Отбасындағы тәрбиенің, құндылық мәдениетінің мақсаты – жаңа ұрпақтың өмірін ортақ мәңгілік игіліктермен байланыстыру және олардың маңызды бірлігін қалпына келтіру. Бұл баланың халық даналығын, халқымыздың мәдениетінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етеді. Осылайша, қай жағдайда да қазақ отбасы -бала кезінен өз заманының азаматын қалыптастырған білім ордасы болып қала береді.
