16
қараша
2023
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында «Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиналысты мектеп директоры С.Б.Сүлейменов ашып, мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жиын барысында баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру, позитивті қарым-қатынас, денсаулық, достық, сүйіспеншілік жайлы әңгіме қозғалды.
