Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық бағдарламасы аясында «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті» жайында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дәрістің мақсаты-жасөспірімдерді кибербуллингтен және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау, ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалған ақпарат мәселесі негізінен әлеуметтік желілер мен сайттарға байланысты болып отыр. бейнематериалдар мен суреттерді интернетке салып, көпшілікке таратудан адамдар танбай келеді.
Бүгінгінің адамы кез келген ақпаратты алысқа бармай-ақ таба алады. Ол үшін қолындағы телефонға үңілсе жеткілікті. Қолданыстағы гаджеттерге күніне қаншама ақпарат келіп түсетінін барлығы жақсы біледі.Оның қаншасы жалған екендігіне де көз жеткізбей жататындар көп. Өйткені біз қарым-қатынас жасау үшін, өмір сүру үшін ақпаратқа тәуелдіміз. Ақпарат қоғамның санасына әсер ету үшін аса қажет қару. Сол үшін шынайы, дер кезіндегі және дұрыс жеткізілген ақпаратты ғана қабылдау маңызды екені әңгіме болды.
