06
қазан
2023
Ұстазыма мың алғыс!
5.10.23ж күні мектебімізде мұғалімдер күніне орай «Ұстазыма мың алғыс!» атты іс- шараның қорытындылау кезеңіне мектебіміздің ардагер ұстаздары Романкулова Сауле, Алпысбаева Ділдаш, Асқанбекова Шарипа апайларымыз келіп қатысты. Аяулы ұстаздарымызды кәсіби мерекесімен құттықтап, оқушылардың тәлім тәрбиесін, жақсы қасиеттерін бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбектері зор екенін айтып өтті. Мектеп директоры С.Сүлейменов еңбегі ерен ұлағатты ұстаздарды марапаттады.

