02
ақпан
2024
ІІХ « Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының жеңімпазы
2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласының «Щучинский» шипажайында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жарыс өткізілді.
Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 303 жұмыспен 368 қатысушы бәсекеге түсті. Конкурсқа қатысқан оқушылар жабаларын қорғаудан тыс, ЩУЧЬЕ-БУРАБАЙ аймағына саяхатқа шығып, қаланың көрікті жерлерімен танысты.
Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізілген конкурсқа 2-7 сынып оқушылары арасында ІІХ « Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінен 1 орын, облыстық кезеңінен 1 орын алған Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің 6 «ә» сынып оқушысы Қанатұлы Нұрболат қатысып, «Мадақтамамен» оралды. Қанатұлы Нұрболат, жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Бугенбаева Айкерим Нұржігітқызымен бірлесе медицина бағыты бойынша «Қызыл мия тамырының емдік қасиеті» тақырыбында жүргізген зерттеу жұмысын қорғады. Зерттеу жұмысында дәрілік өсімдіктің биологиялық сипаты мен емдік қасиеттерін зерделеп, өсімдік тамырынан емдік қайнатпалардың дайындалу жолын ұсынды. Қызыл мия тамырының құрамын саралап, оның адам ағзасына тигізетін пайдасын тереңірек тану, табиғи таза өнімдерді тиімді пайдалану арқылы аурудың алдын алу шараларын қарастырыу, денсаулыққа дұрыс күтім жасауды оқушылар арасында насихаттау барысында зерттеу жұмысын жүргізген Қанатұлы Нұрболатты, дайындаған жетекшісін және мектеп ұжымын жеңістерімен құттықтаймыз!