09
ақпан
2024
«Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу
Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде 9.02.24ж күні «Мұрагер» бейбітшілік шарты әскери күштері ардагерлерінің Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге ұйымның төреғасы С.Хамитов,төреға орынбасары Б.Тұрғанбеков, мүшелері Аймахашов Нахай, Анарбаев Аубакир,Тулебаев Анапия, мектеп директоры С.Сулейменов тәрбие орынбасары С.Халметова, алғашқы әскери дайындық мұғалімі Ғ.Дайрабаев және 9-10 сынып оқушылары. Кездесу барысында оқушыларға әскерленген эстафета және садақ ату сайысы жүргізілді.Оқушылардан құралған командалар нысананы дәлдеу, АК-74 автоматты уақытқа шашып жинау жарысын өткізді.Жарыста белсенді қатысқан оқушыларға өздерінің мақтау қағаздарымен марапаттады.Кездесу соңында оқушыларға елінің патриотты азаматы болып өсулеріне, үлгенге құрмет- кішіге ізет жасауларын айтып, баталарын берді.



