04
мамыр
2024
«ТЕЗ ТАП» интеллектуалды ойыны
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру. Қатысушылардың логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту. Өзін – өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президенті Н.Шахтыбай 8 сынып оқушыларымен «ТЕЗ ТАП» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге ойынға «Жалын», «Сұңқар», «Бірлік», «Тұмар» атты топтар қатысып, өз білімімен, ақыл ойымен, тапқырлығымен ерекшеленді.



