"Қызық екен" сайысы » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2024

"Қызық екен" сайысы

      Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары мен биология пәнінің мұғалімі А.Көбекованың ұйымдастыруымен Химия-биология пән апталығы өтілуде. Апталықтың маңызды бөлімі Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу мақсатында 13.02.2024 жылы күні "Қазақстан" телеарнасынан көрсетіліп жүрген "Қызық екен" бағдарламасы жобасына салынып жасалған химия-биология пәндері бойынша қызықты сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін дәлелдей түсті. Сайыстың басты мақсаты: Химия-биология пәндерінен дарынды оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды оқушыларға қолдау жасау арқылы мүмкіндіктерін, оқу белсенділігін анықтау. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Сайысқа аталған 9 сыныптардан 3-топ қатысты, яғни 9 «А» сынып «Жалын» тобы, 9 «Ә» сынып «Хайырлы» тобы, 9 «Б» сынып «Ұшқын» тобы. Химия-биология бағытында құрастырылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдады. Нәтижесінде: 9 «Б» сынып «Ұшқын» тобы І орын (8 ұпай), 9 «А» сынып «Жалын» тобы ІІ орын (7 ұпай), 9 «Ә» сынып «Хайырлы» тобы ІІІ орын (5 ұпай). Белсенділік танытқан топтар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Дарынды шәкірттеріміз көп болсын!!!