Білім беру гранттары -2024 » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
мамыр
2024

Білім беру гранттары -2024

Кентау қаласы білім бөліміне қарасты, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебі 2024 жылдың 21 мамыр күні  директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және кәсіби бағдар беруші педагог М.Турметованың ұйымдастыруымен өткізілген 11 сынып оқушыларына ҰБТ алдында мотивация беру мақсатында «Білім беру гранттары -2024» мектеп бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Әрбір мектеп бітіруші түлектің бірінші мақсаты ол ҰБТ дан аман есен өтіп, грантқа түсу.  Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, оның бірі МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ.
Бітіруші түлектерге ҰБТ тапсыру уақытында тиімді әдіс-тәсілдері түсіндірілді. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл-жай күнелту, тамақ асырудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деп айтқан қазақ әдебиетінің негізін салушы, көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың пікіріне қосыла отырып, мектеп бітіруші түлектеріне сәттілік тілейміз. Барлық түлектерге ГРАНТ бұйырсын!!!