20
қараша
2024
Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемдері
2024 жылдың 20 қараша күні Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебіне «Тірек ауылдық мектебіне бару» бағдарламасы аясында, «Критериалды бағалау-сапалы білім өлшемдері» тақырыбында, Түркістан қаласы «химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен» 11 пән мұғалімі келіп, мектебіміздің мұғалімдерімен бірлескен «Әдістемелік күн» өткізілді. Бірінші кезеңінде - сағат 9:50-10:35 аралығында 9 пәннен бірлескен ашық сабақтар болды. Атап айтатын болсақ: Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, тарих, информатика, биология және география пәндері. Екінші кезеңінде – Кентау қалалық білім бөлімі, орыс тілі пәнінің әдіскері – Кеншембаева Гүлжахан және химия-биология пәнінің әдіскері – Хансейітова Гүлнар бастаған қалалық мектептерінің химия-биология пәнінің мұғалімдеріне «Жаратылыстану пәндерін оқытудағы және бағалаудағы жасанды интеллект» тақырыбында НЗМ-нің биология пәнінің мұғалімі - Н.К.Абжалиева, НЗМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі – Vasques Edmundo Colo, география пәні мұғалімдеріне - «Олимпиада және ғылыми жобаға дайындау әдістері», Орыс тілі пәні мұғалімдеріне – «СОР как инструмент достижения учащимися целей обучения» тақырыбында семинар/тренингтер өткізілді. Семинарға қатысушы ұстаздар өздеріне керекті мәліметтер алды, өзара тәжірибе бөлісті.




