24
желтоқсан
2024
Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Көлбастау ауылында малшы отбасында дүниеге келген. Ол қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы. Соғыс жылдарында аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Батальон командирі ретінде Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Бауыржан Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.
Мектептің тарихына қарайтын болсақ, 1972 жылы 2 наурыздан «Қазақстанның 50 жылдығы» атанды, 1992 жылы 14 мамырдан халқымыздың біртуар перзенті, батыр, жазушы, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі болып келеді.

