Кітап – рухани азықтың қайнар көзі » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ақпан
2025

Кітап – рухани азықтың қайнар көзі

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте «Талапты ұстаздан - талантты шәкірт» жобасы аясында «Әдеби әлем» бағыты бойынша 2025 жыл қаңтар айының 31 жұлдызында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Сырымбет, педагог ұйымдастырушы Калима Мураткасимова және мектеп кітапхана меңгерушісі Мадина Тұрметованың ұйымдастыруымен 9-сыныптардың арасында «Кітап – рухани азықтың қайнар көзі» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Сайыстың өткізудегі мақсаты: мектеп оқушылары арасында әдебиет әлемінің дара тұлғаларының шығармаларын насихаттай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарынын анықтай отырып, өз ойын анық жеткізе білу, өлең мәтіндерін түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Оқушылармен  Д.Исабековтің «Гауһартас» повесінен алған білімдерін байқау болатын. Байқау 3 кезеңнен тұрады.
1 кезең – 15 сұрақтан тұратын тесттерге жауап беру
2 кезең – «Суреттер сөйлейді» айдары. 
3 кезең – Сұрақ-жауап»   Д.Исабектің өмірі мен шығармашығылығы, «Гаухартас» повесті.
Оқушылар «Гауһартас» шығармасынан алған білімдерімен бақ сынасты.Әділқазылар: мектеп директоры- C.Сүлейменов, ДОІЖО- А.Арыстанбекова, педагог-психолог Б.Бекжанова, қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы С.Муташова әділ төрелігімен оқушылардың білімділігін, ұшқыр ойлылығын,тілге жүйріктігімен көзге түскен үміткерлерді марапаттады. Оқушылар сайысқа қызыға ,белсене қатысты. Оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай кітап оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыратын танымдық сайыс сабақтар алдағы уақытта жоспарға сәйкес өз жалғасын таба беретін болады.