Ұлы даланың мұрасы » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ақпан
2025

Ұлы даланың мұрасы

Ертеден ұлтымыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, ал қазір инновация дамыған заманда балаларды ынталандырып, дамуларына бірден-бір септігін тигізуші күш ол – әлеуметтік желілер. «Баланы жастан» демекші, халқымыздың салтында бар құндылық – ол балаларды жастайынан мейірімділік пен ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Әр адамның тәрбиелеу әдісі әртүрлі. Дегенмен, әлем ғалымдарының кеңесінше, жасөспірімдерге жақсы, мағынасы бар фильмдер көрсету бала психологиясының жақсы жаққа өзгеруіне көп септігін тигізеді екен.  Осы орайда Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінде өскелең ұрпақты  қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танып-білуі үшін «Ұлы даланың мұрасы» киножобасы ұйымдастырылды. Онда 5-11 сынып оқушыларының көруіне арналған фильмдер тізбесі жасалып, үлкен үзілісте кино көрсету жолға қойылды. 
 Оқушыларды патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында киноның алар орны ерекше.