19
наурыз
2025
Мен және менің өмірлік жоспарларым
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің жылдық жоспарына сәйкес директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың 2025 жылдың 18 наурыз күні 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бойынша «Мен және менің өмірлік жоспарларым» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты: оқушылардың болашақ мамандық таңдауы бойынша қызығушылықтарын, еңбек нарығы туралы түсініктерін және кәсіби бағдар алуға деген қажеттіліктерін анықтау. Бұл сауалнама оқушылардың болашақ кәсіби таңдауын және өмірлік мақсаттарын анықтауға, сонымен қатар кәсіби бағдар беру қызметтерін жетілдіруге көмектеседі. Сауалнама мына үлгіде алынды:
1. Жалпы ақпарат
1.1. Жасыңыз: 9 сынып, 10 сынып, 11 сынып
1.2. Жынысыңыз: Ер, әйел
2. Қызығушылықтар мен хобби
2.1. Сіз қандай іс-әрекеттерді орындағанды ұнатасыз? (Екі немесе бірнеше жауапты белгілеуге болады)
2.2. Сіздің ең сүйікті пәніңіз қандай?
3. Болашақ мамандықтары туралы ойлар
3.1. Сіз қандай мамандықты таңдауды жоспарлап отырсыз?
3.2. Бұл мамандықты таңдауыңыздың себебі не?
3.3. Сіз болашақ мамандығыңызда қандай да бір қиындықтармен кездесетін боларсыз деп ойлайсыз ба?
4. Өмірлік жоспарлар мен мақсаттар
4.1. Болашақта қайда оқу орнында білім алуды жоспарлайсыз?
4.2. Сіз қандай мамандықтарда жұмыс істегіңіз келеді?
4.3. Сіздің ең үлкен өмірлік мақсатыңыз қандай?
5. Кәсіби бағдар бойынша көмек және қолдау
5.1. Сізге кәсіби бағдар бойынша көмек көрсетіле ме?
5.2. Сізге кәсіби бағдар бойынша қандай қосымша ақпарат немесе көмек қажет?
6. Қорытынды
6.1. Сіз өз болашағыңыз туралы ойлағанда не сезінесіз?
6.2. Сізге болашақта кәсіби бағдар бойынша қандай қосымша қолдау қажет?
Қорытынды пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз жазды.
Директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова сәттілік пен табысқа жету үшін бірнеше кеңес айтып өтті: өзіңді тану, қателеспей мамандық таңдау, болашаққа дайын болу, өмірлік мақсаттарды қою. Сіздерге өмірлік жолда сәттілік тілейміз! Сіздер таңдаған мамандық болашақта үлкен жетістіктерге жетелесін. Өз армандарыңызға сеніп, табанды еңбек етіп, өз жолдарыңызды табуда ешқашан шаршамаңыздар!