Студенттік өмір және болашақ мамандық таңдау » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Студенттік өмір және болашақ мамандық таңдау
10
қаңтар
2025

Студенттік өмір және болашақ мамандық таңдау

Кентау қалалық білім бөліміне қарасты, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте 10.01.2025 жыл күні директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова және кәсіптік бағыт-бағдар беруші педагог А.Сансызбаеваның ұйымдастыруымен «Студенттік өмір және болашақ мамандық таңдау» бітіруші түлектермен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды студенттік өмірмен және әртүрлі мамандықтармен таныстыру, болашақ мамандықты таңдауда көмек көрсету, студенттердің тәжірибесін бөлісу арқылы оқушыларға мотивация беру. Бұл кездесуге мектеп әкімшілігі, бітіріп кеткен 2022-2023, 2023-2024 оқу жылының түлектері мен 10-11 сынып оқушылары қатысты. Күтілетін нәтиже-оқушылар мамандықтар туралы тереңірек ақпарат алады; мамандық таңдауда өздеріне қажетті бағытты анықтайды; студенттік өмірдің шынайы көрінісімен танысады. Бүгінгі кездесудің жоспарымен таныстырып өтейін. І. Ұйымдастыру бөлімі - кездесуге қатысушыларды тіркеу (грантқа түскен студенттердің мамандықтары жайлы айтып өтті).  ІІ. Негізгі бөлім: 1.Студенттердің сөз сөйлеуі (өздерін таныстыру, университеті, факультеті, мамандығы және неге осы мамандықты таңдағаны туралы әңгіме).  2. Мамандықтарға саяхат- кәсіптік бағдар беруші педагог А.Сансызбаева (болашақ мамандықтар мен еңбек нарығындағы трендер туралы ақпарат) презентациямен таныстыру. 3. Сұрақ-жауап (оқушылар студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қояды, мамандыққа түсу талаптары, дайындық, оқу ақысы, шетелдік бағдарламалар). 5. Тренинг- кәсіптік бағдар беруші педагог А.Сансызбаева (ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында білезік әдісі арқылы ойын жүргізілді).  6. Қорытынды: Сынып жетекші А.Көбекова студенттерге алғыс білдіріп, 10-11 сынып оқушыларына ҰБТ-ге дайындықтарын айтып өтті. Директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де жасөспімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау, оқушыларға қосымша ақпарат беру, мамандықтар бойынша сілтемелер көрсетіп қорытындылады. Түлектер мен оқушыларға киелі де қасиетті алтын ұя мектебімізден жыл сайын қанат қаққан түлектер үшін мектеп ұғымы әрқашан қастерлі, киелі болып, құшақ жая қарсы алатын алтын ұяларыңыздың бар екенін әрдайым естен шығармайтынын айтып өтті. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық. Оқушылар мен түлектерге сәттілік тілейміз!

Похожие публикации:

30 қыркүйек 2024 Мамандық таңдау