ОТАНДЫ СҮЮ-ЕҢ ҰЛЫ СЕЗІМ!
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Отанды сүю — ең ұлы сезім» жобасы аясында 2023 жыл 11-наурыз күні оқушылар тарихи жерлерге саяхаттады.
Саяхаттың мақсаты: жастар бойында патриоттық сезім қалыптастыру, отанды сүюге, құрметтеуге және тарихи танымын арттырып руани жан дүниесін жақсылыққа тәрбиелеу.
Бұл жылдың алғашқы саяхаты Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы тарихи сакральді мекендерді саяхаттаудан басталды.Жас саяхатшылар бірінші аудан орталығы Шаянда орналасқан ▪️«Аппақ Ишан» тарихи мешіт-медрессесіне табан тіреді. Одан әрі халық аузында
▪️ «Ақмешіт» деп аталып кеткен аса үлкен табиғи һәм тарихи үңгірге соқты. Оқушылардың соңғы тарихи нысаны исі қазақтың рухани анасына айналған ▪️«Домалақ ана» кесенесі болды.
Саяхатқа бөлім тарапынан жетекшілік жасаған әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Мақұлбекова, әдіскерлер Н.Күзембаева мен А.Шиналиев және мектеп педагог-ұйымдастырушылары. Барлық оқушылар мен жетекшілер саяхаттан ерекше әсер алып оралды.


