ҮЗДІК БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ-2023
Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 28 наурыз күні сағат 11-00-де Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп акт залында «Үздік басшы орынбасары- 2023» атты қалалық байқау өткізілді.
✅ Байқаудың мақсаты: мектептердегі әдістемелік қызметті жетілдіру және педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық әдістемелік тәжірибе идеяларын тарату.
✅Байқаудың міндеттері: үздік әдістемелік тәжірибені анықтау,жалпылау және тәжірибеге енгізу; Бөлімге қарасты мектептердегі әдістемелік қызметті жандандыру, мектеп басшыларының шығармашылық белсенділігін ынталандыру.
Байқау нәтижесінде: Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Садыкова Роза Серікбайқызы «Үздік басшы орынбасары – 2023» Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді құттықтай отырып, тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті маман қатары көбейе берсін.



