06
мамыр
2024
Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет
Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы N12 жалпы білім беретін мектебі, Кентау қалалық білім бөлімінің 04.05.2024 жылғы N08-1-1-676 санды хатына сәйкес, “Ұлы Отан соғысы жеңісінің 79 жылдығына” орай, Ұлы Отан жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әрекеті үшін бұрынғы КСР Одағының ордерімен және медалімен наградталған тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында 6-7 сынып оқушылары Каманов Валерий, Плуговая Лариса ардагерлердің үйіне барып, құрмет көрсетіп, құттықтап қайтты. Еліміз үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге мың алғыс!