Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал! » «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі»
Түркістан облысының білім басқармасының
Кентау қаласы білім бөлімінің
«Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72536) 3-48-70
Есепшінің телефоны:
+7 (700) 099-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!
28
қаңтар
2025

Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!

                                                                                                       Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. 
                                                                                                                            Халық нақылы

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебі директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарына сәйкес  2025 жылдың 28-ші қаңтар күні 9,10,11 сынып оқушылары арасында «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Кешіміздің қонақтары: Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің меңгерушісі —Керімбаев Арман Асқарұлы; Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің психологы – Сейлбек Зейнеп Нұрланқызы; Кентау қалалық «Мансап орталығы» КММ-нің бөлім басшысы-Нарымбетов Данияр; Кентау қалалық «Мансап орталығы» КММ-нің бөлім маманы -Шыныбекова Раушан; Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы Данияров Амандық Сапарбайұлы.  Кештің бағдарламасы: 1. Кіріспе сөз. 2. Қонақтарды таныстыру. 3. Бейнеролик. 4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден. /Қонақтармен сырласу/ 5. Ойын «Мамандықты тап», «Суреттер сөйлейді». 6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат. 7. Қорытынды. Кездесу кешке келген қонақтар оқушыларға өздерінің ойларымен бөлісіп, кеш керемет өтті. Мамандықтың сан алуан түрі бар. Дегенмен қоғамға пайдасын тигізіп, ұрпақ болашағына үлес қоса алатын мамандықты игеру – кез келген жанның қолынан келе бермейтін дүние. Сәйкесінше мамандықтың майталманы болу да оңайға соқпайды. Әрине, ол үшін күн-түн демей ізденіп, оқып, білім нәрімен сусындап, керекті ақпаратпен танысу керек. Бастысы талпыныс болса болғаны. Бітіруші түлектерге сәттілік!!!