14
сәуір
2025
Жаңашыл идеялар: шығармашылыққа арналған кеңістік
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебі директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкованың жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 14-18 сәуір аралығында «Дарынды бала – дара бала» жобасы аясында дарынды оқушылардың апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты: дарынды және талантты балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту. «Жаңашыл идеялар: шығармашылыққа арналған кеңістік» тақырыбындағы оқушылардың пәндер бойынша шығармашылық көрмесіне мектеп директоры С.Сулейменов және мектеп әкімшілігі қатысып, дарынды оқушылардың жұмыстарын көріп, оқушыларға шығармашылық ғылыми ізденістерін қолдауға, дарынды және талантты шәкірттерімізге қолдау көрсететінін айтып өтті.Шығармашылық көрмеде оқушылар бейіндік пәндері бойынша шығармашылық жұмыстарынан таныстырылым жасады. Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық, тәжірибелік жұмыстардың бірнеше үлгілерін, гуманитарлық пәндер бойынша көркем шығарма кейіпкерлерін сөйлетіп, жан-жақты қабілеттерін аша білді. Бұл іс-шараға 8-11 сынып оқушылары да қатысып, қажетті ақпараттармен білімдерін толықтырды.